Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылады

Таразда мүмкіндігі шектеулі балаларға  арналған орталық ашылады

Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңа, әрі заманауи психологиялық-педагогикалық түзету Орталығы ашылады. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға және олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету мақсатында «Дара» Қайырымдылық қоры және «Samruk-Kazyna Trust» Қорының әлеуметтік жобасының бірлесе отырып ашқан Қазақстандағы бесінші Орталығы, деп хабарлайды «Samruk-Kazyna Trust» қорының баспасөз қызметі.

Қор ақпаратына сәйкес, Тараз қаласында 3000 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар тұрады. Қазіргі таңда балаға және оның отбасына тегін, кәсіби көмек беретін түзету және оңалту мекемелері жеткіліксіз. Ерекше баланың отбасы ақылы жеке ұйымдардың немесе арнайы мамандардың қызметіне жүгінуіне, арнайы түзету мен оңалту көмегісіз қалуға мәжбүр.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мұндай орталық Тараз қаласында алғаш рет ашылып отыр. Мұнда кез келген баланың бірқалыпты және жан-жақты дамуына бағытталған қажеттінің бәрі болады. Жаңа ашылған Орталықта әр ерекше баламен оның дамуына түзету көмегін көрсететін арнайы мамандар жұмыс жасайды: педагог-психолог (эмоционалды және интеллектуалды дамуының мәселелері), мұғалім-дефектолог (ақыл-ой өрісінің мәселелері), мұғалім-логопед (сөйлеу тілінің бұзылыстары), тифлопедагог (көру мәселелері), сурдопедагог (есту мәселелері), емдік дене шынықтыру нұсқаушысы, ритмикалық музыка мұғалімі, емдік массаж жасайтын медбике. Ата-аналарға кеңес беріледі және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Бұл Орталық әр жыл сайын 100-ден астам дамуында әр түрлі ауытқушылықтары бар балаларға қызмет көрсетеді. Оларға арнайы мамандар тегін, кәсіби және кешенді көмек береді.

Похожие материалы