Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таразда алаяқ пәтер алып беремін деп танысын 2 миллион теңгеге алдап кеткен

Таразда алаяқ пәтер алып беремін деп танысын 2 миллион теңгеге алдап кеткен

Тараз. 20 қазан. 7kun.kz – Тараз полицейлері 2 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Күдікті өзінің танысына қаладан пәтер сатып алуға көмектесетіндігіп айтып, оның 2 млн теңгесін иемденген. Алайда ешқандай жаңа үйді әпермеген, ақшасын да қайтармаған.

Полиция аталған іс бойынша Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, Биылғы жылдың 9 айында полиция қызметкерлері 600-ден астам алаяқтық дерегін тіркеді, оның 165-і интернет арқылы жасалған.

Похожие материалы