Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таразда алпыстан астам пәтер мемлекеттік мүлік ретінде тіркелмеген

Таразда алпыстан астам пәтер мемлекеттік мүлік ретінде тіркелмеген

Тараз. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Таразда баспана кезегіндегі тұрғындарға тапсырылуы тиіс бос пәтерлер берілмей келген. Себебі, тұрғын үйлер мемлекеттік мүлік ретінде есепке алынбаған. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Тексеру кезінде 60-тан астам осындай пәтер анықталды. Оның 15-і «Әр иесіз пәтерді есепке алу» жаңа жобасы аясында белгілі болып отыр. «Бұл тұрғын үйлер тиісінше рәсімделсе, жылдар бойы кезекте тұрған мұқтаж жандарға үлестіруге болар еді», - дейді прокурорлар.

Айта кетейік, қазір Тараз қаласы бойынша 18 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. «Қазір бұл үйлер азаматтарға беріліп жатыр. Әзірге екі адам алды. Солардың бірі 1-топ мүгедегі Тенгилиди есімді азаматша. Ол 12 жылдай пәтер кезегінде тұрған. Ал, екінші азамат кезекте 10 жыл тұрған», - дейді қала прокуроры Бекзат Сейілханов.

Похожие материалы