Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таразда футбол клубы 89 мың теңгеге сатылды

Таразда футбол клубы 89 мың теңгеге сатылды

Тараз. 12 тамыз. 7kun.kz - Жекешелендірудің екінші толқыны іске асырылып жатыр. Таразда Қаратаудың жергілікті "Лашын" футбол клубы саудаға салынды. Аталған клуб ұлттық чемпионаттың лигасында өнер көрсеткен еді деп жазады «Караван».

Бастапқыда бағасы 520 мың теңге болған еді. Десе де, аукцион барысында бағаны көтергісі келетін жеке кәсіпкерлер болмады. Нәтижесінде, минимал сома - 89 мың теңгеге Қаратаулық кәсіпкер сатып алды.

Сауда біткен бойда клуб қызу талқыға салынды. Біріншісінде "Бәйтерекпен" чемпионат ойнына бара алмай қалды, кейін Ақтаулық "Каспиймен" үй матчын ойнаудан бас тартқан. Алдағы уақытта клуб екінші айналымға жетпей жатып турнирден алынып тасталуы мүмкін. Клубтың жаңа иесі қаржыландыра ма, жоқ па әлі шешпеді.

– Қазір барлығы клуб иесіне байланысты. Шыны керек, осылай боларын сезген едік. Сатып ала салу - бір нәрсе де, оны қамтамасыз ету - мүлдем басқа. Енді қожайын ойыншылар мен жаттықтырушылардың жалақыларын, басқа қалаларға баруға жол ақыларын беріп тұруға міндетті. Ал, облыстық бюджет енді араласпайды, – дейді Жамбыл облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Гамлет Қайнарбеков.

Похожие материалы