Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Бүгін сағат 06:21-де Тараз қаласындағы 9-шы ықшам ауданы, 62-үй мекенжайы бойынша 4-кіреберісте жарылыс болды, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар және техника жұмылдырылып, барлық үйдің тұрғындарын толық эвакуациялады.
Үйінділер астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері оқиға орнына ұшып кетті.
Апат болған үйдің тұрғындары жақын маңдағы №41 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері және психологтар жұмыс істеп жатыр.
ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын дұрыс пайдаланбау себебінен болған.