Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады

Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады

Тараз. 2 тамыз. 7kun.kz – Таразда сотталушы түрменің 3 қызметкерін жаралады. Оқиға №158/7 түзеу мекемесінде болған, деп хабарлайды 7kun.kz.

qazaqstan.tv мәліметінше, бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Сотталушының шабуылы таңғы сағат 8:30 шамасында тексеріс кезінде орын алған. Ол қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінің кеудесін тіліп жіберген.

Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған тағы екі қызметкер де жарақат алды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір 3 қызметкердің де жағдайы бірқалыпты. Ал шабуыл жасаған жазасын өтеуші қатаң бақылау мен тәртіп изоляторына оқшауландырылды.

Похожие материалы