Экономика
Таразда тексеру комиссиясының төрағасына 45 миллион теңге айыппұл салынды
Жамбыл облысы. 15 тамыз. 7kun.kz – Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Жапаров алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тараз қаласының 2 соты Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Жапаровқа қатысты үкім шығарды. Ол алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, 45 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сонымен бірге оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тайым салынды. 2020 жылдың қыркүйегінде Жапаров субсидия беру заңдылығы бойынша оң аудиторлық қорытынды шығаруға көмектескені үшін кәсіпкерден 3 миллион теңге алған.