Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – 2023 жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25%-ға артады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Жалақы ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ға артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің, қосымша білімдегі педагогтердің жалақысы 25%-ға өседі», – деді министр.
Ведомство бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.
«Министрліктің бұйрығына сәйкес енді мұғалімдер күн сайын тек екі құжат қана толтырады», – деді ол.