Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тасқыннан зардап шеккен 19 мың адамға қоғамдық көмек көрсетілді

Тасқыннан зардап шеккен 19 мың адамға қоғамдық көмек көрсетілді

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудандарға 300 тонна азық-түлік, киім, аяқ-киім мен тұрмыстық көмек көрсетілді. Бұл қоғамдық көмек 19 мың 647 тұрғынға көрсетілген болатын деп хабарлайды ТЖ Комитеті.

Көктем айындағы тасқыннан 88 елді-мекенді су басып, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 26 ауданы мен 7 қаласы және Астана қаласының шеткі аудандары зардап шеккен еді. 3067 үйді су шайып, қазіргі таңда 2941 үйден су кетті. Ақмола облысына қарасты 126 үй су астында қалып отыр. Ақтола облысында үй, жертөле мен аула аумағынан 686,3 мың шаршы метр тасқын суы тартып шығарылды. 203 аула тазартылып, 277 тонна қоқыс шығарылды. Облыс бойынша жалпы саны 346 үйді су басқан. Қарағанды облысында елді-мекендерден 162,7 мың шаршь метр еріген су тартылды. 2 121 аула тазартылып, 14,3 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыс бойынша 2 121 үйді су басқан. Шығыс-Қазақстан облысында 463 үйді су басқан. 2 213 аула тазартылып, 1 860 тонна қоқыс шыққан. Көптің көмегімен су басқан аулалардан 401,7 мың шаршы метр су тартылған. Сонымен қатар, зардап шеккен 602 тұрғынға медициналық, 863 тұрғынға психологиялық көмек көрсетілді. Су басқан уақыттарда 8 281 адам үш мезгілдік тамақпен қамтамасыз етілген еді. Қазіргі тағда 2880 үй тексерілді. Тексеріс нәтижесі 78 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау керектігін көрсетті. Бүгінде оның 25-і жөнделіп біткен. 281 үйге күрделі жөндеу жасау керек. Сел әсерінен 198 үй құлап, 441 үй апаттық жағдайда тұр. 463 үйді көшіру керек. Қалпына келтіру жұмыстары 11 үйге басталып кетті. 15 жаңа үйдің құрылысы басталып кеткен.  

Похожие материалы