Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tata Steel пайдасы III қаржы тоқсанында 7 тоқсанға қарағанда аз болды

Tata Steel пайдасы III қаржы тоқсанында 7 тоқсанға қарағанда аз болды

Үндістанның ірі болат өндіруші компаниясы Tata Steel Ltd. жеті тоқсанда минимальді таза пайда тапты. Бұл қытайлық компаниялардың экспортының артуы және болат бағасының төмендеуіне байланысты туындап отыр.

Tata Steel хабарламасында көрсетілгендей, компанияның таза пайдасы үшінші қаржылық тоқсанда алдыңғы жылдың балама кезеңімен салыстырғанда(5,03 млрд рупий)  69% -ға, яғни 1,57 млрд рупийге ($25 млн) дейін төмендеген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл болжамды олар орташа 1,14 млрд рупий көлемінде болжаған.

Компания түсімі 8,5% -ға, 333,2 млрд рупийге төмендеген.

Қытайлық болат өндірушілер ішкі нарықтағы сұраныстың төмендеуіне байланысты экспорт көлемін рекордтық деңгейге дейін жоғарылатты (28 млн тоннадан астам).

Үндістандағы және Еуропадағы Tata Steel нарықтарында болат бағасы төмендеді, есесіне Үндістандағы ең ірі шахталардың бірінің жабылуымен импорт көлемінің өсуіне байланысты темір кентасының бағасы көтерілді.

Өткен тоқсанда бір жыл бұрынғы балама кезеңдегі 6,38 млн тоннаға қарсы компания 6,3 млн тонна болат өндірді.

 

Похожие материалы