
ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі лауазымына Савельева Татьяна Михайловна тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.
"Савельева Татьяна Қаржы вице-министрі болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.
Татьяна Савельева бұған дейін министрліктегі Бюджеттік жоспарлау департаментін басқарып келген.