Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz - Көтерме сауда, өңдеуші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы ең көп кредит алатын салалар қатарында. Тау-кен өндірісі мен көлік инфрақұрылымы және құрылыс кредиттік капитал аз келіп жатқан бағыт болды. Бұл туралы finprom.kz жазды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, кредиттік капиталдың ең үлкен миграциясы тау-кен өндірісі саласында байқалған. Аталған саланың портфелі төрт есе – 112,5 млрд теңгеге қысқарды.
Көлік инфрақұрылымына берілетін кредиттің көлемі де өз кезегінде 8 пайызға азайды. Өндірістік емес саладағы кредит 51.2 млрд теңгеге (1 пайызға) азайды. Ипотека алу деңгейі толықтай тоқтап қалды, ал тұтынушылық кредитке деген сұраныс бөліп төлеу онлайн-бағдарламаларының есебінен азайды.
Өндіруші өнеркәсіп кредиттік ресурсты тартудың негізгі көзі болды. Бір жылда аталған саланың портфелі 22 пайызға – 228 млрд теңгеге артты. Банктер басымдыққа ие секторларда кәсіпкерлікті дамыту мен индустрализация жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың белсенді делдалы ретінде танылды.
Сондай-ақ, сауда екінші деңгейлі банктерді (ЕДБ) әлі де қызықтырып отырған сала ретінде танылды. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, банктер берген кредиттің 22 пайызы аталған бағытқа берілген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 5,1 пайыз.