Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3 пайызға артқан

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3 пайызға артқан
Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы Қазақстан республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау Дүниежізілік Тау-кен конгресін ұйымдастыру комитеті өткізген баспасөз маслихатында айтты.  25-мерейтойлық Дүниежүзілік Тау-кен конгресі Астанада өтеді. «Аталған әлемдік маңызы бар ауқымды шара тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отыр. Біздің елімізді мерейтойлық Конгресті өткізу таңдауы кездейсоқ емес, себебі Қазақстанның минералды-шикізаттық базас ресурстарға бай. Мұнда: периодтық кестедегі 99 элемент; 5000 қолданыстағы кен орны; өндірісте пайдаланылатын 60-тан астам элемент бар»,-деді Альберт Рау. Сонымен қатар, спикер қазақстандық саланың бірқатар жоғары көрсеткіштерін атап өтті: 2017 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 9,3 пайыз, өңдеу - 5,1 пайызға артқан. Түсті металл рудаларын және темір рудасын өндіру сәйкесінше, 8,2 пайыз және 6,9 пайызға жоғарылаған. Сонымен қатар, металлургия секторында оң динамика байқалған, бұл өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі: қара металлургия саласында 6,6 пайызды, ал түсті металлургия саласында өсім 5,5 пайызды құрайды. Дүние жүзілік тау-кен конгрессін өткізу нәтижесінде ұйымдастырушылар Қазақстандағы саланың дамуына оң ықпалын тигізеді деп күтуде. Ол геологиялық барлау және өндіру жобалары санының артуы мен Қазақстан аумағында жер қойнауын пайдаланушылар базасының кеңеюі есебінен орындалып отыр. Сонымен қатар, халықаралық оқиға геологиялық барлау жобаларына ірі әлемдік компаниялар мен капиталы шағын мамандандырылған инвестициялық ұйымдарды тартуға мүмкіндік береді. Астана қаласында Дүние жүзілік тау-кен конгресін өткізу  Қазақстанның ТМК қаржы институттары мен инвесторларын тартуды айрықша құқықтық режим негізінде МФЦА аумағында инвесторларды қорғауды қамтамасыз етеді. M&A аясында Қазақстан аумағында тау-кен руда секторында мүмкіндіктер мен ньюанстар ашылатын болады.

Похожие материалы