Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көтерме саудада тауар қоры айналымы бәсеңдеді

Көтерме саудада тауар қоры айналымы бәсеңдеді

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz - Көтерме саудада тауар қоры айналымы 1 жылда 9 пайызға бәсеңдеді. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, көтерме сауда кәсіпорындары қоймаларында тауарлардың орташа тұрған уақыты 50 күн. Бұл былтырғы жылдан 8,7 пайыз жоғары.

2016 жылы көтерме сауда кәсіпорындары қоймаларын 46 күнде сатты, бұл 5 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

2017 жылдың қаңтар-маусымында көтерме сауда кәсіпорындарын тауарларын былтырғы жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық сатты.

Инфляцияға байланысты көтерме сауда көлемінің бағасы 7,8 пайызға ұлғайып, 8,3 трлн теңге болды (6 ай ішінде). Импорттық өнімдер қымбаттап жатыр. 2017 жылдың қаңтар-мамырында импорт 9,8 пайызға өсті. Ал 2016 жылы 8,9 пайызға артқан болатын.

Еске салсақ, 2016 жылы көтерме саудагерлердің саудасы 6,6 пайызға азайған.

Похожие материалы