Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге курсы күрт төмендемейді - сарапшы

Теңге курсы күрт төмендемейді - сарапшы

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz - Алдағы уақытта теңгеге шаққандағы АҚШ доллары көтеріле бермек. Алайда ұлттық валюта бірден төмендемейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Альпари компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрова мәлім етті.

«Қазақстандық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы наурыз айының алғашқы аптасында аздап төмен түсті. Ал америкалық валюта теңгеге қарағанда 0,5 пайызға көтерілген. Бүгін АҚШ долларының орташа бағамы 318,20 теңге деңгейінде тіркелді. Федералдық резервтік жүйенің наурыздағы отырысынан жақсы нәтиже күткендіктен, теңге бағамы одан әрі төмендей бермек. Оның үстіне теңге - шикізаттық валюта. Сол себепті оағн мұнай құнының түсуі де әсер етіп жатыр», - деп атап өтті ол.

Brent баррелінің құны соңғы үш айдағы ең аз деңгейінен асып түсіп,  баррелі 51,28$ құрады. Анна Бодрованың айтуынша, мұнай бағасы ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін қысқарту жөніндегі шешіміне дейін осындай төмен көрсеткіште болған. Демек, мұнай өндірісінің қысқартылуы бағаға әсер етуін доғарды. Бұл фактінің теңгеге ықпал етіп жатқаны да сондықтан.

«Нарық АҚШ Федералдық қор жүйесінің пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауын күтіп отыр. Америкалық регулятордың отырысы ертең ашылады және сәрсенбі күні кешке аяқталады. Инвесторлар аталмыш мөлшерлеме көтерілетініне 100 пайыз сенімді. Бұл болжам биржалық котировкаларға да салынып отыр. Мөлшерлеме өсетін болса, АҚШ доллары қолдауға ие болады, бұл теңгенің біршама әлсіреуіне ықпал етеді. Қалай дегенмен де осы апта қобалжуларға толы болмақ. Доллар 321,0 теңгеге дейін өсуі бек мүмкін. Еуро 336,50-338,50 теңге аралығында саудаланады», - деп аяқтады сөзін А. Бодрова.

Похожие материалы