Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Девальвациядан кейін банктердің қоры рекордтық көрсеткішке көбейді

Девальвациядан кейін банктердің қоры рекордтық көрсеткішке көбейді

2015 жылдың тамыз айында теңге курсы өзгергеннен кейін екінші деңгейлі банктердің активтерінің жалпы көлемі 20 триллионға жақындады. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады.

35 банктің 33-і пайда тапты. ЕДБ-нің актив көлемі бірден 1,89 триллионға артты. Бұл қазақстандық банк секторындағы рекордты айлық өсім. 14f92889fdd51289cb1c9362082fd72a Сонымен қатар "триллионер-банктердің"  де активтерінің көлемі өсті. Олар рейтингте алғашқы ондықтың алтыншы орнында тұр. Мысалы: Казкоммерцбанктің активі бірден 436,5 миллиард теңгеге өсіп 4 триллионға жеткен. Бұл банктің соңғы бес ай ішінде бірінші рет осындай пайда тапқаны болып отыр. Банктің нарықтағы салыстырмалы салмағы 2015 жылы шілдедегі 20,7 пайыздық көрсеткішіне қарағанда 20,9 пайызға жетті. Халық банкінде де оңтайлы динамика байқалды. Олардың активтері 426,9 миллард теңгеге өсіп, 3,1 триллионға дейін жетті. Қаржы институты нарықтағы позициясын нығайтып келеді.  Тамыз айындағы салыстырмалы салмақ нәтижесінен 0,7 пайызға артып, 16,1 пайызға жетті.  Үштікке Сбербанк те кіреді. Банк активтерінің  тамыз айындағы өсімі 198,4 миллиард болса, енді оның көлемі 1,5 триллионға жетті. Банктің нарықтағы үлесң - 7,7 пайыз. Бұл шілде айына қарағанда 0,3 пайызға жоғары. 163f93788e1f02e626c70c5df8e14624    

Похожие материалы