Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге курсының өзгеруі компаниялардың PR бюджетіне әсер етуде

Теңге курсының өзгеруі компаниялардың PR бюджетіне әсер етуде

Экономикадағы қиындық  көптеген компаниялардың бюджетіне қысым көрсетуде. Ұйымдар бюджет жоспарлауда барынша ұқыптылық танытып, артық шығындарды қысқартуға тырысып жатыр. Нарық сарапшыларының сөзінше, бірінші кезекте қысқарту PR және маркетинг қаржысынан басталады.

2008 жыл жалғаспайды 2008 жылғы дағдарыстағы нарық пен қазіргі жағдай ұқсас: стагнация, шығындардың қысқаруы, бизнесті оңтайландыру. Қазіргі компаниялардың көпшілігі тұрақты өсім кезінде нәтижелілігін көрсеткен белгілі бір шаблондарды пайдалануға тырысады. Дегенмен Dentsu Aegis Network Kazakhstan коммуникациялық агенттіктер тобының директоры Виктор Елисеевтің сөзінше, бүгінгі жағдайды 2008 жылғымен салыстыруға болмайды, өндіріс үшін аса маңызға ие емес. Дегенмен де компаниялардың жартысына жуығы PR-бюджеттерін қысқартуға барады. "Девальвация нәтижесінде операциялық шығындар қысқаруына байланысты маркетингтік бюджеттер де азайтылуы мүмкін. Оңтайландыру дәлізі 10-30 пайыз аралығында. Көп жағдайда бұл шетелден тауар мен қызмет сатып алатын компанияларға қатысты болады", - деп түсіндірді В.Елисеев. Осы арқылы жарнама, PR және маркетинг шығындары қысқартуға ұшырайды. Dentsu Aegis Network Kazakhstan компаниясының мәліметінше, 2008-2009 жылдар аралығында жарнама нарығы 21 пайызға төмендеген. Барлығынан да баспасөз көп зардап шегіп, 35 пайыздан астамы тұтынушылық бюджетінен айырылды. Қазіргі рецессияның барлық белгілеріне қарамастан өндіріс үшін күшті ықпал ете алмайды. Осы жылы қазақстандық медиа нарығы өткен жылмен салыстырғанда 5-7 пайызға төмендеуі мүмкін. Ал Central Asia Communications агенттігінің басқарушы әріптесі Нұркен Халықбергеннің сөзінше, дағдарыс кезінде нарықтан әлсіз ойыншылар кетеді. "Яғни консалтингтік қызмет нарығы қалпына келсе, ұсынылатын қызмет сапасы да арта түседі. Шетелдік мамандар азайып, консалтингтік бизнес иелері отандық кадрлерді ала бастайды. Бизнес үшін ешнәрсе ұсынбайтын, бірақ қомақты сыйақы алатын  компаниялар да азаяды. Тыныш уақытта қор жинап үлгергенімен, дұрыс қолдана білмеген ұйымдар қатты қысымға ұшырайды. Бұл әлсіз бәсекелестерінен озып шығып, оларды өзіне иемденіп алушылар үшін жақсы кезең болмақ", - дейді ол.
 Қазіргі жағдайда сарапшылардың көпшілігі нарықты қысқарту емес бюджетті нақты PR-қызмет арасында қайта бөлуге кеңес береді. Бұл жағдайда PR-қызметтің барлық түрін ұсынатын агенттіктер және белгілі бір облысқа бағытталған агенттіктер ұтып шығады. Маркетингтік бюджетті жаппай қайта құрылымдау кейінірек басталады.
"Өзгеріс кезінде бизнес экономикасы толығымен трансформацияланады. Агенттіктердің таза табысы  төмендеп, нарықта тәжірибелі қызметкерлерге сұраныс артып, бәсекелестік күрес арта түседі. Медиабизнесті дамытып және сақтап қалу үшін қаржы тасқынын сауатты басқарып, клиент талаптарына сай болу қажет",- деді В.Елисеев. Оның сөзінше, осы жылы коммуникация, жарнама және PR сферада жұмыс істейтін компаниялар тендер кезінде украиндық және ресейлік жеткізушілермен де бәсекелестікке түсуі қажет. Соңғысыларының отандық жарнама нарығындағы үлесі 7-8 пайызға өскен. Ақпарат көзі: kapital.kz

Похожие материалы