Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге мен рубль құнсыздануынан соң Қырғызстанда қазақстандық және ресейлік тауар көбейген

Теңге мен рубль құнсыздануынан соң Қырғызстанда қазақстандық және ресейлік тауар көбейген

"Теңге мен рубль құлдыраған соң, көршілес елдердегі тауар бағасы біздің бағадан арзан болып жатыр. Девальвациядан кейін қазақстандық және ресейлік тауарлар ағыны азаяр емес", - дейді Қырғызстан Республикасының вице-премьер-министрі Валерий Диль. Бұл жөнінде КырТАГ хабарлайды.

«Біз өзімізге қарай Қазақстан мен Ресейдің тауарларының ағылып жатқанын байқаймыз. Теңге мен рубль курсы өзгерді. Тиісінше одақтастарымыздың бағалары біздікінен арзан», -дейді шенеунік.
Оның айтуынша, ішкі нарықтағы сатылымның төмендеуіне байланысты және бюджетті табысты бөлігінен айрылып қалмас үшін шаралар қолдану керек.
Өткен жылы рубль девальвациясы 70 пайызды, осы жылы 20 пайызды құрады. Ал, теңге болса, өткен жылы - 20 пайызға, осы жылы - 50 пайызға құлдырады. Қырғыз сомы 2014 жылы 19 пайызға, 2015 жыл басталғалы бері 16 пайызға әлсіреді.

Похожие материалы