Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге жыл басынан бері 4 пайызға нығайды - Ақышев

Теңге жыл басынан бері 4 пайызға нығайды - Ақышев

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz - Конференцияның басында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев экономикалық ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері инфляцияның төмендеуі байқалады. Қазір инфляция көрсеткіші 6,8 пайыз. Бұл биылғы инфляция дәлізіне (5-7 пайыз) сәйкес келіп отыр. Алтын валюталық резервтеріміз 3,2 пайызға, яғни 31,7 млрд долларға жетті. Ұлттық қор активінің көлемі 58,3 млрд долларға жетті. Қазақстанда теңге өтімділігі шамадан артып тұр. Қысқа мерзімді ноттарды пайдаланудың арқасында оның көлемі 4 трлн теңгеге жетті. Құралдар бойынша табыс төмендеп келеді, ноттар бойынша табыстылық 4,02 пайыз»,- деді Ақышев.

Бас банкир теңгенің ахуалы туралы да айтып өтті.

«Жыл басынан бері теңге 4 пайызға нығайған. Теңгеге сұраныс қаңтарда артты. ЕДБ қаңтар айында 830 млрд теңге көлемінде несие берген. Несие бойынша пайыздық көрсеткіш 14,7 пайызға жетті»,- деді Данияр Ақышев.

Похожие материалы