Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгедегі депозиттер өсіп жатыр – Ұлттық Банк

Теңгедегі депозиттер өсіп жатыр – Ұлттық Банк

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - 2016 жылы теңгенің жинақтау, есеп айырысу және активтердің құнын өлшеу құралы ретіндегі рөлінің артуында айтарлықтай прогреске қол жеткізілді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов хабарлады.

Ол кейбір деректерді келтіріп, 2016 жылы теңгемен депозиттер 3,3 трлн. теңгеге (66%) өскенін, ал шетел валютасымен депозиттер 1,1 трлн. теңгеге (10%) төмендегенін айтты бүгінгі ҚР Парламентінің Сенатында.

Депозиттердің долларлану деңгейі бір жылда тарихи ең жоғары 70%-дан 55%-ға дейін төмендеді – деп атап өтті ол.

Қаржы реттеушісінің өкілі 2017 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша теңгемен депозиттердің валюталық депозиттерден 48,8%-бен салыстырғанда 51,2%-ға артқаны байқалғанын айтты.

«Валюта нарығындағы тұрақтану және Ұлттық Банктің теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру жөніндегі шаралар валюталық депозиттердің деңгейін төмендетуге ықпал етті», – деді А. Ахметов.

Похожие материалы