Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгедегі депозиттерге 10 млн көлемінде кепілдік берілетін болады

Теңгедегі депозиттерге 10 млн көлемінде кепілдік берілетін болады

Қазақстанда теңгедегі депозиттер бойынша кепілдендірілген төлемнің максимал мөлшері заңды негізде арттырылды деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

Осылайша, теңгедегі салымдар бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы 10 млн теңгені қамтыды. Валюта депозиттері бойынша өтем мөлшері бұрынғыша 5 млн теңге деңгейінде қалып отыр.

Дүйсенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев заңнаманың тиісті түзетулеріне қол қойды.

"Сондай-ақ, Заң бойынша депозитор бір қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозит ашқан жағдайда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры олар бойынша он миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді", - делінген қор хабарламасында.

Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары - ислам банкін қоспағанда, елдегі барлық 37 екінші деңгейдегі банк.

2015 жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың банк шоттарының (депозиттерінің) 99,6 %-ға жуығы толық көлемде кепілдендірілген.

Похожие материалы