Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгедегі көбейіп, доллардағы депозиттер азайды

Теңгедегі көбейіп, доллардағы депозиттер азайды

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - Қазақстандықтар қаражатын теңгемен сақтауға көшті. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше теңгедегі депозиттердің көлемі  2014 жылғы қазаннан бері бірінші рет басқа валютадағы депозиттермен салыстырғанда  көбейген.

Наурыздың соңындағы жағдай бойынша депозиттердің долларлану деңгейі 49,8%-ды құраған. Депозиттердің долларлану деңгейінің төмендеуі  салдарынан 1 тоқсанда теңгедегі депозиттер 7,6%-ға ұлғайған. Ал шетел валютасындағы депозиттер 11,5%-ға қысқарды. Шетел валютасындағы депозиттердің қысқаруына теңгенің жыл басынан бері 5,5%-ға нығаюы себеп болды.  Сондай-ақ шетел валютасындағы депозиттерді иелерінің қайтарып алуы да себептің бірі. Мұндай депозиттердің көлемі  жыл басынан бері 593,6 млрд. теңгені құрады. Ал керісінше теңге түрінде ашылған депозит көлемі 624,7 млрд. теңге болған. Заңды тұлғалардың теңгедегі салымдардың 8,7%-ға ұлғайды. Шет ел валютасындағы депозиттерінің үлесі 43,6%-ға дейін төмендеді. Жеке тұлғалардың депозиттерінің долларлану деңгейі 58,0%-ға дейін төмендеуі байқалады.Бұл 2014 жылғы қарашадан бастап ең төменгі мән болып табылады. Бұған жылдың басынан бері жеке тұлғалардың валюталық салымдарының 10,4%-ға төмендеуі және теңгемен салымдардың 5,6%-ға ұлғаюы себеп болды. Ұлттық валютамен тартылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2016 жылғы желтоқсанда 10,6%-дан 9,7%-ға дейін, шетел валютасындағы депозиттер бойынша 2,2%-дан 1,9%-ға дейін төмендеген.

Похожие материалы