Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгемен инвестициялау енді қорқынышты емес - сарапшы

Теңгемен инвестициялау енді қорқынышты емес - сарапшы

Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Қазақстан қор биржасының (KASE) индексі 2016 жылдың басынан бері 15,3 пайызға өсіп, 1566,61 пункті құрады. Бұл туралы «Цесна Капитал» басқармасы төрағасының орынбасары Замира Сүндетова хабарлады.

Замира Сүндетова отандық қаржы нарығының өсімін ел экономикасының тұрақталуымен байланыстырды. «Мұнай бағасы мен ұлттық валюта курсы тұрақталды. Бұл қазақстандық инвесторлардың теңгедегі портфелдерін теңестіруіне түрткі болды. Нарықта белсенділік артып келеді, теңгемен қаржыландыру енді қорқынышты емес. Одан бөлек, Ұлттық банк базалық төлем мөлшерін төмендете бастады. Нәтижесінде, сұраныс белгіленген мөлшерлемесі бар құралдардан үлестік құралдарға ауыса бастады», - деді Замира Сүндетова.

Оның ойынша, нарық қымбаттап кетті деп айтуға негіз жоқ. Қазақстандық компаниялардың акцияларының көбісі бұрынғыша баланстық құнынан арзанға сатылады. Қазіргі уақытта инвестициялау үшін KAZ Minerals пен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акциялары көп қызығушылыққа ие болып отыр.

«Сентрас Секьюритиз» сарапшыларының айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық акциялардың көбісі соңғы жылдар бойы өзінің максималды деңгейінде сатылып келеді.

«Біз «Қазақтелеком» акцияларында өсу әлеуеті бар деп есептейміз. Берік тұрақты көрсеткіштерді Халық банк көрсетіп отыр. Бірақ Казкоммерцбанкті иелену туралы келісімде бірқатар тұрақсыздықтар бар. Қашағанның іске қосылуы мен «Қазтрансойлдың» мұнай өндіре бастауындағы қаржылық операциялық көрсеткіштері тиімді әсер етуі мүмкін. Одан бөлек, Kaz Minerals мыс пен мыстан жасалған өнімдер көлемін көбейтуді көздеп отыр. Алайда, компания өндірістік металлдардың әлемдік бағасына тәуелді»,-деп атап өтті «Сентрас Секьюритиз» өкілі.

Похожие материалы