Қазақстанның ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорны "Теңізшевройл" ЖШС 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында мұнай өндіру көлемін 2013 жылмен садыстырғанда 1,5%-ға, 26,7 миллион тоннаға дейін төмендетті деп айтылады компания хабарламасында.
«2013 жылмен салыстырғанда (былтырғы көрсеткіш - 27,1 млн тонна) өндіріс көлемінің азғантай төмендеуіне ЕБЗ (Екінші буын зауыты) және КТЖ (Кешенді технологиялық желі) зауыттарында өткізілген күрделі жөндеу ерекшеліктері себеп болды», - деп мәлімдеді компания өкілдері.
2014 жыл ішінде Қазақстанға жасалынған тікелей төлемдер 14,7 млрд долларды қамтыды, 2013 жылғы көрсеткіш - 11 млрд доллар.
Сондай-ақ хабарламада күкірт өткізу көлемдері 3,8 млн тонна болғандығы айтылады. «ТШО Теңіз кен орнын пайдаланып бастағаннан бері жинақталған қоймадағы қарапайым күкірт қорын толығымен өткізді», - деп хабарлайды компания.
ТШО мұнайды Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы Новороссийскіге, темір жол арқылы Одессаға, Тамань мен Ақтауға, одан әрі Кулеви мен Батумиге экспорттайды.
Компания 1993 жылы ірі Теңіз кен орнын игеру үшін Қазақстан үкіметімен және американдық Chevron корпорациясымен бірлесіп құрылған. Қазіргі кезде Chevron әріптестеріне ТШО-ның 50%-ы тиесілі, «ҚазМұнайГазға» - 20%, ExxonMobil - 25% және LukArco (ЛУКОЙЛ құрылымы) - 5%.
Ақпарат көзі: newskaz.ru