Technodom - Қазақстанның электр тұрмыстық және компьютерлік техника дүкендерінің жетекші ұлттық желісі.
Анықтама
- Құрылған жылы: 2002 жыл
- Саласы: ретейл
- Бас директор: Ренат Исмаилов
- Қызметкерлер саны: 4000-нан аса адам
- Бас офис: Алматы
- Таза табысы: 2018 жылы - 8 млрд теңге
Тарихы
2002 жылы Sulpak компаниясының бұрынғы бас директоры Эдуард Ким негізін қалады. Sulpak-тан кеткен кезде Кимге бизнестің 49%-ы тиесілі болды.
Алқашқыда желі тек Алматыдағы "Помидор" дүкенінде қызметін жүргізді, кейіннен танымалдығы артып, өз ауқымын кеңейткен.
2002 жылдың қыркүйегінде Алматыда «Технодом» компаниясы тіркелді. Sulpak-тан Киммен бірге ұжымның көп бөлігі кетті.
2013 жылдың шілде айында "Технодом "МҚҰ" ЖШС Алматы және Астана қаласындағы "Технодом" желісі дүкендерінде шағын несиелер беру үшін құрылды. Бірақ 2014 жылы акционердің шешіміне сәйкес компания "Технодом" микроқаржылық ұйымы" ЖШС еншілес ұйымынаың100% қатысу үлесін үшінші тарапқа – "DE-ФИНАНС "Микрокредиттік ұйымы" ЖШС-не 180 млн теңгеге сатты.
2013 жылы тіркелген клиенттер саны 81 мыңнан астам адамды құрады. Олар 34 862 транзакция жүргізді.
2014 жылдың мамыр айында интернет-дүкеннің жаңартылған нұсқасы іске қосылды.
Компания 2015 жылғы мәліметтер бойынша ҚР-да тұрмыстық техника мен электроника нарығында сату бойынша бірінші орын алды (нарықтың 33% — ы).
2015 жылдың қазан айында компания «Технодом Оператор» ЖШС-нің Қырғызстандағы еншілес кәсіпорнындағы 95% үлесін 654 мың теңгеге сатып алды, онда екі дүкен ашылды.
2016 жылы TECHNODOM Қырғызстанда алғашқы дүкен ашты.
2016 жылдың қазан айында компания XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 дайындау дирекциясымен ынтымақтастық туралы шарт жасасты. Кейін барлық техника Алматы қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне тегін берілді.
2018 жылдың басында компания ЕҚДБ-мен инвестициялық шығындарды 10,89%-пен алты жылға 8,375 млрд теңгеге дейін қаржыландыруды қарастыратын несиелік келісімге қол қойды. Несие қаражаты Ақтөбе мен Шымкентте логистикалық хаб құруға және айналым қаражатын толықтыру үшін инвестицияланатын болады. Қазіргі уақытта Technodom-де Алматы, Астана және Ақтөбе қалаларында логистикалық хабтар жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта TECHNODOM желісі 81 дүкенді қамтиды. Қазақстан аумағында 76 дүкен және 1 брендшоп Bang & Olufsen бар. Жалпы сауда алаңы республиканың 28 қаласында 92 538 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ, Қырғыз Республикасының астанасы Бішкекте 4 дүкен жұмыс істейді.
Қызметі
Технодом дүкендері жаңа сауда технологияларын ескере отырып жобаланған және сатып алушыларға қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарына толық жауап береді. Клиенттерге қосымша қызметтердің кең спектрі, соның ішінде тұтынушылық несиелеудің түрлі бағдарламалары ұсынылады.
Technodom сауда портфелінде 700-ден астам жетекші әлемдік бренд бар: Sony, Panasonic, Samsung, LG, Daewoo, Apple, HTC, Philips, Nokia, Canon, Nikon, Fujitsu, Bosch, Siemens, Electrolux, Indesit, Hotpoint-Ariston, Elica, Gorenje, Hansa, Zigmund & Shtain, Zanussi, Whirlpool, Beko, Termex, Moulinex, Tefal, Rowenta және т. б.
Компанияның сауда желісі Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Желі дүкендері Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Жаңаөзен, Қарағанды, Қапшағай, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Құлсары, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Сәтпаев, Талдықорған, Тараз, Талғар, Теміртау, Түркістан, Өскемен, Орал, Шымкент және Екібастұз қалаларында жұмыс істейді.
Компания ұсынған электр тұрмыстық және компьютерлік техниканың модельдік қатары 50 000 атаудан тұрады және өнімнің барлық ықтимал түрлерін қамтиды.
Басшылық
Эдуард Ким «Technodom Оperator» АҚ-ның негізін қалаушы және жалғыз иесі болып табылады.
«Technodom Operator» АҚ президенті — Исмаилов Ренат Рафикович. Ал Эдуард Ким — Директорлар кеңесінің төрағасы.
Дереккөздер: forbes.kz, technodom.kz