Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теле2 ALTEL-ге қосылмайды

Теле2 ALTEL-ге қосылмайды

Дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихаты кезінде ұялы байланыс операторының басқарма төрағасы Пиетари Кивикко және коммерциялық директоры Миндаугас Убартас Altel компаниясымен қосылуына байланысты қауесеттерге қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бәлкім біз біреулердің ізіне түскен шығармыз. Бірақ Теле2 ешқайда кетпейді. Бұрын біздің ұялы байланысымыз арзан тарифке кепілдеме береді десек, қазір  ең үздік баға жөнінде де кепілдеме бере аламыз»,- деді компанияның коммерциялық директоры Миндаугас Убартас.

Сондай-ақ, ол Қазақстандағы Билайн, Кселл және Теле2 тәрізді ұялы байланыс алпауыттарының 4G-ге қосылуы жөнінде де мәлімдеме жасады. «Әзірге бізде 4G-ге қосылу жөнінде лицензия жоқ. Бұл үшін Үкіметпен келісімге келу керек. Бірақ, бізде нақты серіктестік жасалған жоқ. Әзірге, соңғы мәліметтер бойынша 4G-ге 2018-2019 жылдары қол жеткізуіміз мүмкін», - деді компания басшылығы.

Похожие материалы