Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tele2 мен Altel біріккен компаниясын Пиетари Кивикко басқарады

Tele2 мен Altel біріккен компаниясын Пиетари Кивикко басқарады

Tele2 мен «Қазақтелеком» АҚ біріккен компаниясын Tele2-нің басқарма төрағасы  Пиетари Кивикко басқарады. Бұл туралы Tele2 баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қазір біздің алдымызда 2016 жылдың І тоқсанында келісімшартты аяқтау деген тапсырма тұр. Содан кейін біз бизнес-операцияларды біріктіру жұмыстарына кірісеміз. Екі оператордың бірігуі абоненттерге қолайлылық әкелетініне сенімдімін. Оларға 4G-ге қол жеткізу, базалық станцияларды біріктірген желі және жаңа өнімдер мен технологиялық артықшылықтарды негізге алған қызметтер кіреді. Біз алдымызға Қазақстандағы мобильді нарықтың 30%-ын қамту деген нақты мақсат қойдық",- деді П.Кивикко. П.Кивикко қаржы саласындағы түрлі басшылық қызметтерді "МегаФон" (Россия) және Sonera Corporation (Финляндия) компанияларында атқарды. 2007-2010 жылдар аралығында телекоммуникациялық компания болып табылатын Fintur Holdings B.V./TeliaSonera Евразияда (Нидерланды, Турция) қаржы директоры болды. 2010-2013 жылдар аралығында Тele2 Қазақстанның қаржы директоры қызметін атқарып, 2013 жылдан бастап басқарма төрағасы болды. Фото: kapital.kz сайтынан алынды

Похожие материалы