Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Telegram браузерде арналарды көруге рұқсат берді

Telegram браузерде арналарды көруге рұқсат берді

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — Telegram браузерде арналарды алдын ала қарау мүмкіндігін іске қосты. Бұрын арнаның мазмұнын көру үшін қолданбаны орнату қажет болды. Жаңартуға бірінші болып Searchengines порталы назар аударды.

Енді браузерде арнаға сілтемені енгізсеңіз, қолданушыны қолданбаға көшіретін View Channel түймесі астында Preview Channel түймесі пайда болады.

Бұл батырманы басу тікелей браузерде арнаны ашады және оның мазмұнын оқуға мүмкіндік береді. Браузерде арнаға жазылу мүмкін емес. Ол үшін Telegram мобильді немесе десктопты қосымшаны жүктеуді ұсынады.

Айта кетейік, 10 мамыр күні Telegram-да чаттарды мұрағаттауға мүмкіндік беретін жаңарту шықты (мұны чатты оңға қарай жылжытып жасауға болады). Сондай-ақ, мессенджерде белсенді және белсенді емес чаттарды сұрыптауға болады.

Похожие материалы