Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шығыны көп: телерадио хабарларын тарату мен бағдарлама жасау қызметі 6,9% төмендеді

Шығыны көп: телерадио хабарларын тарату мен бағдарлама жасау қызметі 6,9% төмендеді

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz –  Телерадио хабарларын тарату мен бағдарламаларды жасау қызметі шығынға батып жатыр: жылдан жылға құлдырау 6,9% құраған, деп хабарлайды energyprom.kz.

Астана мен Алматы сынды басты медиа-аймақтардың екеуі де минусқа кетіп отыр.

Осы жылдың I тоқсанында Телерадио хабарларын тарату мен бағдарламалар жасау қызметі 12,5 млрд теңгені құраған, бұл бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда 6,9% төмен. Инфляция және нақты көлем индексін есептегенде өткен жылы барлығы 84,4% құраған.

Республикадағы басты медиа-орталық – Астана 3,1% минуста, яғни 7,1 млрд теңгеге дейін (дегенімен бұл ҚР бойынша 57,1%, оның алдыңғы жылы 54,9% көрсеткен).

Екінші орында 4,6 млрд теңгемен мәдени астана тұр, бірден 13,4% минусқа кеткен (бұл ҚР бойынша 36,7% ғана, өткен жылы 39,5% болған).

Радиохабарлар бұл саладағы жалпы қызмет түрінің тек 7% құрап отыр (дегенімен бір жыл бұрын тек 4,7% болған). Қуанарлығы, радиохабар тарату қызметі айтарлықтай жоғары көтерілген, бір жыл ішінде бірден 39,8% және 880 млн теңгеге дейін.

Телебағдарламаларды жасау мен көрсетілім қызметі 11,6 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылғыға қарағанда 9,2% төмен.

Бір айта кетерлігі, осы саладағы барлық медиа-қызметтің 7,2% бұл халық есебінен көрсетілген, оның ішінде 51,7% радиохабарын тарату қызметі болса, тек 3,9% ТВ-контентті жасау мен көрсетуге арналған.

Көптеген жылдағы мұндай динамика бұрын 2015 жылғы дағдарыс кезеңінде байқалған, ол кезде 2014 жылға қарағанда 3,2% төмен болған.

Похожие материалы