Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

TeliaSonera Kcell-дегі үлесін сатып, еуразиялық нарықтан шығады

TeliaSonera Kcell-дегі үлесін сатып, еуразиялық нарықтан шығады

TeliaSonera Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Молдовия және Тәжікстан аумағында жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Компания еуропалық аймақ және Швециядағы жобаларын нығайтуға көңіл бөлмек деп хабарлайды WSJ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильді оператордың ресми мәлімдемесі бойынша, "үнемі өзгеріп отыратын телекоммуникациялық нарықта компания басшылығы уақыты мен дамуын Еуропа мен Швецияға бөлу туралы шешім қабылдаған". Еуропалық аймақтағы жұмысын күшейту үшін шведтік оператор  бизнестің негізгі салаларын назарға алмақ. Еуразиялық елдерден шығу процесі басталды. TeliaSonera  Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Тәжікстан және Непалдағы жұмысын тоқтатады. Оператордың мәліметінше, 2013 жылдан бері шведтік топ еуразиялық аймақта белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Компания Еуропада жүргізілген бизнес тұрақты және табысты болады деген сенімде.  Бірақ нарыққа дұрыс бағыттан келу керек. vlast.kz-жазуынша, компания қазақстандық "Кселл" АҚ компаниясындағы үлесін сатып еуразиялық нарықтан кетпек. "Екі жылдық жұмысқа рахмет. Бүгінде біз жақсы басқарылатын және жақсы жұмыс істейтін компанияға иеміз. Олардың алдағы уақытта да сатылатындығына сеніміз мол", - деп мәлімдеді TeliaSonera  бас директоры Йохан Деннелинд. «Кселл» АҚ-ның негізгі капиталына  TeliaSonera еншілес  Sonera компаниясы арқылы қатысады. «Кселл» АҚ-ның 2014 жылдың соңындағы активі 157,99 млрд теңгені, өзіндік капиталы 92,07 млрд теңгені құрады. Өткен жылы компания 58,27 млрд доллар деген таза пайдамен аяқтады.

Похожие материалы