Экономика
Выбор редактора
TeliaSonera-ның кетуіне байланысты Kcell акцияларының бағасы құлдырап жатыр
TeliaSonera Еуразиялық нарықтан шығатынын хабарлағаннан кейін Kcell акциялары құлдырай бастады. Швед компаниясы Қазақстан ұялы байланыс операторының негізгі акционері болатын. Бұл туралы LS хабарлады.
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, құнды қағаз 1,594 мың теңгеге дейін арзандаған (- 3,9%). Лондондық қор биржасында да отандық компанияның акциялары төмендеп кетті. Алматы уақыты бойынша сағат 17:15-те бағалы қағаздың кұны 6,19$ құрады. Сауда-саттықтың соңғы жабылу кезінде баға 0,64%-ға кеміді.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, TeliaSonera Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Тәжікстан және Непалдағы жұмысын тоқтатады. Олар еуропалық аймақ пен Швецияда өз жұмыстарын нығайтуды көздеп отыр.
"Кселл" компаниясының бас атқарушы директоры Арти Отс TeliaSonera-ның Еуразиядан шығу жоспарына қарамастан, Kcell қазақстандық нарықта телекоммуникациялық жұмысын тоқтатпайтынын атап өтті.