Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Темір қазық ой» газетінің бас редакторы қамауға алынды

«Темір қазық ой» газетінің бас редакторы қамауға алынды

Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz - Шымкент қаласында «Темір қазық ой» республикалық қоғамдық-саяси газеттің бас редакторы Анаркүл Сүлеева қамауға алынды. Бұл туралы ratel.kz жазды. 

Журналист адам ұрлау, бопсалау және бұзақылық сияқты ауыр қылмыстар бойынша күдікке ілінген.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыс 2016 жылы жасалған. 41 жастағы әйел және оның үш сыбайласы ер адамға ішімдік беріп мас қылған, оны жалдамалы пәтерде мәжбүрлеп ұстап, жалаңаш күйінде видеоға түсірген. Кейін бұл жазба желіге тарап кеткен.

ratel.kz ақпараты бойынша, жәбірленуші жергілікті ауыл мешітінің имамы болуға үміткер болған екен. Бұл оқиғадан кейін көздеген қызметіне қол жеткізе алмаған. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына шағымданғаннан кейін, полиция қылмыскерлерді тұтқындаған.

Айта кетейік, Сүлеева «Темір қазық ой» газетінің бас редакторы әрі иесі.

ratel.kz тілшісінің жазуынша мұндай оқиға Шымкент үшін жаңалық емес. Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсан айында қалада шығатын «Қоғамдық бақылау» газетінің бас редакторы Ғани ӨМІРӘЛИЕВ алаяқтық үшін сотталған. Ол «билік өкiлiнiң немесе мемлекеттiк лауазым атағын өз бетiнше иемденіп алу» деген бап бойынша кінәлі болып танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Өзін алаяқтық жолмен салық мекемесінің қызметкерімін деп таныстырған Өмірәлиев кәсіпкерлерге қамқорлық жасаймын деп, жыл бойы ақша алып отырған.

Одан бөлек, өткен жылдың желтоқсанында Шымкентте қылмыстық іске байланысты жалған мәлімет берген үшін қоғамдық белсендісі Сүйін АБУЛДАЕВ ұсталған болатын. Қазіргі уақытта ол сот басталғанша кепілмен босатылды.

 

Похожие материалы