Нарықтағы ұсыныстың артуына байланысты темір кенінің бағасы 2015 жылдың бірінші тоқсанын соңғы 6 жылдағы ең нашар динамикамен аяқтауы мүмкін деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Metal Bulletin Ltd. и Clarkson Plc мәліметтеріне сүйенсек, Қытайдың Циндао портына жеткізілетін, темір құрамы 62% темір кені келісім-шарттарының бағамы тоннасына $52,69 дейін төмендеді, бұл 2004-05 жылдардан бері ең төмен деңгей. Ағымдағы жылдың басынан бері шикізат 26%-ға арзандады, тоқсандық төмендеу темір кені үшін қатарынан бесінші рет болып отыр.
Бұл ретте ең ірі өндірушілер өндірісітерін одан әрі кеңейтіп жатыр, осылайша нарық қанығуы артуда. Австралиялық Fortescue Metals басшысы Эндрю Форресттің кен өндірісін қысқарту туралы ұсынысы бәсекелестер арасында қолдау таппады - атап айтқанда Rio Tinto CEO Сэм Уолш мұндай бастаманы "абсолютті нонсенс" деп атады.
Жағымсыз факторлардың ең маңыздысы - Қытай (әлемде болаттың ең ірі өндірушісі) экономикасы өсімінің баяулау перспективасы. Қытай басшылығы жуырда ағымдағы жылы экономиканың 7%-дық өсімін көздеп отырғандығын хабарлаған еді, 2014 жылы бұл көрсеткіш 7,4% болған-тын. Сонымен қатар Fitch аналитиктері 2015 жылы өсім қарқынының 6,8%-ға дейін, 2016 жылы 6,5%-ға дейін баялайтындығын болжады.
Бұған қоса, Deutsche Bank аналитиктері сейсенбі күні жақын арадағы келешекте бағамдар тоннасына 40 доллардан төмен түсу мүмкіндігін атап өтіп, 2015-2017 жылдарға арналған темір кені бағасының болжамын нашарлатты.