Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Темір кенінің құны екі апта ішінде тоннасына $60 болады

Темір кенінің құны екі апта ішінде тоннасына $60 болады

Темір кенінің тоннасына берілетін баға жақын арадағы екі апта ішінде $60-ға дейін түсіп кетуі мүмкін. Бұл Қытайдағы Жаңа жылдың тойлануына байланысты болады дейді UBS Group AG және Shenhua Futures Co.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, әлемде темір кені артығымен өндіріліп жатыр, алайда Қытайда өндіріс жүрісін баяулатқан. ҚХР болат құю зауыттары осы жылы саудаларының төмендеуіне байланысты мерекелік демалысқа ерте кетіп жатыр. Жаңа жыл Қытайда 18-24 ақпан аралығында тойланады. Citigroup сарапшылары темір кенінің бағасы тоннасына $60 болады деп өткен жылдың қарашасында мәлімдеген болатын. Желтоқсан айында бұл болжамға қосылатындықтарын Roubini Global Economics жеткізді. Дүйсенбі күні құрамында 62% темір бар кен Циндаода 2,1%-ға төмендеп, тоннасы $61,2 болды, бұл - 2009 жылдың мамырынан бергі ең төменгі көрсеткіш. 2015 жылдың басынан бері темір кенінің бағасы 14%-ға құлады. Өткен жылы жалпы алғанда бір тонна темір кені құны 47%-ға түсіп кеткен болатын.

Похожие материалы