Алматы. 23 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 385,90 теңгені құрады. 20 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,89 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 0,99 теңгеге нығайды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 388 теңге, Алматыда – 388,3 теңге болды.
Ұлттық банктің 23 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 386,7 теңгені құрайды.