Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы аздап нығайды

Теңге бағамы аздап нығайды

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 375,48 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,87 теңге / $1) ұлттық валюта 0,39 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 374,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 376,25 теңге, жабылу курсы бір долларға 375,75 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 61 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 140.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 377 теңге, Алматыда – 378 теңге.

Ұлттық Банктің 19 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,26 теңгені құрайды.

Похожие материалы