Алматы. 21 қаңтар. 7kun.kz - Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 376,09 теңгені құрады. 20 қаңтардағы деректермен салыстырғанда (376,07 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,02 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 377 теңге, Алматыда — 379 теңге.
Ұлттық Банктің 21 қаңтардағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 375,91 теңгені құрайды.