Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге бағамы жаңа жылды нығаюмен бастады

Теңге бағамы жаңа жылды нығаюмен бастады

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 381,64 теңгені құрады. 29 желтоқсандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (383,46 теңге / $1) ұлттық валюта 1,82 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 381,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 382 теңге, жабылу курсы бір долларға 381,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 30 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 77.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 385 теңге, Алматыда – 384 теңге.

Ұлттық Банктің 3 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 384,20 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы