Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңгемен ашылған депозиттердің үлесі артты

Теңгемен ашылған депозиттердің үлесі артты

Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылғы наурыздың соңында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,1%-ға қысқара отырып, 17 207,9 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 8 757,9 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 450,0 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 10 060,4 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 7 147,4 млрд теңгеге дейін 6,8%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы наурыздың соңында 41,5%-ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы наурызда 5 341,1 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 416,8 млрд теңгеге дейін 12,1%-ға төмендеді (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39,0%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 719,3 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға ұлғайды, шетел валютасында 3 730,7 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің 44,2%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,4%-ға ұлғайып, 11 610,7 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 851,5 млрд теңгені, шетел валютасымен – 4 759,2 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 9,4%-ды (10,4%) құрады.

Похожие материалы