Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – «Теңізшевройл» ЖШС 2018 жылдың алғашқы жарты жылында Атырау облысының Теңіз кен орнында өндірілген мұнай мен газ көлемі туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
2018 жылдың алғашқы 6 айында 14,7 млн тонна (117,3 млн баррель) шикі мұнай өндірілді. Осы аралықта «Теңізшевройл» 704 мың тонна сығымдалған газ, 3,9 млрд текше метр құрғақ газ, сондай-ақ 1,2 млн тонна күкірт өткізді.
Еске сала кетейік, 2017 жылдың алғашқы жарты жылында шикі мұнай өндірісі 14,59 млн (116 млн баррель) тоннаны құраған болатын. Теңіз және Корольдік кен орындарынан қазылып алынған мұнай қоры 890 млн тоннадан 1,34 млрд тоннаға (7,1-10,9 млрд баррель) дейін жетеді.