Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – ТШО-ның расталған мәліметтері бойынша, медпунктке барлығы 45 адам жүгінді. Олардың басым бөлігі ССЕР компаниясының қызметкерлері.
«Бірақ компанияның басқа да қызметкерлері бар. Онда тек бір ұлт қана емес, төрт қазақстандық бар. Мұның қалай болғанын айта алмаймын. 45 адамның 22-іне медициналық көмек қажет болды. Олар Атырауға жеткізілді. Ешкім айтарлықтай жарақарт алмаған. Зардап шеккендердің жағдайы жақсы. Мамандар қажетті медициналық көмек көрсетіліп, оларды үйлеріне жіберді», - деді Досмұхамбетов.
Естеріңізге сала кетейік, «Теңіз» вахталық кентіндегі тәртіпсіздік 29 маусымда басталды.