Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Теңіздегі төбелестен кейін Ливанның 125 азаматы отанына оралды, - деп хабарлайды ливандық БАҚ.
Жұмысшылар өз отбасыларымен бірге Қазақстанды тастап кетті. Ливанның Қазақстандағы елшісі Джескар Хури ливандық жұмысшылардың барлығы аман-есен екенін мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің бас хатшысы Мұхаммед Харе Middle East Airlines жеке ұшағымен Бейрут әуежайына келушілерді өзі қарсы алды.
«Ливандық азаматтардың қайтып келуі премьер-министр Саад Харири мен ливандық биліктің күшімен және консул Юсеф Канаанның көмегімен жүзеге асты», - деп хабарлайды жергілікті телеарна.
Айта кетейік, Теңіздегі тәртіпсіздік салдарынан 45 адам зардап шекті.