Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңізшевройл Қазақстанға қосымша 2,6 млрд текше метр газ бағыттайды

Теңізшевройл Қазақстанға қосымша 2,6 млрд текше метр газ бағыттайды

Нұр-Сұлтан. 18 тамыз. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Кездесуде «Шеврон» компаниясының Қазақстанмен алдағы уақыттағы өзара іс-әрекетінің негізгі аспектілері және бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Мемлекет басшысы мен Майкл Уирт әлемдік энергетика нарығындағы жағдай туралы пікір алмасты. Президент «Теңізшевройл» компаниясының қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау туралы шешімін құптады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу перспективалары мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейтудің жоспары қарастырылды.

Похожие материалы