Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Тергеу изоляторында отыру, түрмеден әлдеқайда жаман» – Қайрат Құдайберген

«Тергеу изоляторында отыру, түрмеден әлдеқайда жаман» – Қайрат Құдайберген

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz – Қайрат Құдайберген өзінің Facebook парақшасында ҰҚК тергеу изоляторында отыруындағы әсерімен бөлісті. Қалалық мәслихат депутатының абақтыда отырғанына 66 күн болды деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша. тергеу изоляторында отыру, түрмеде отырудан әлдеқайда жаман.

«20 тәулікке жуық 15/18 тергеу изоляторында және бір айдан астам ҰҚК-нің тергеу изоляторында отырғандықтан, мен «құқық қорғау» деп атайтын жүйе туралы аз-кем айтып бере аламын», – деп жазады Қайрат Құдайберген.

Ол қамалған уақытынан бері өз жағдайы туралы көпшілкке хабар беруде. Тергеу изоляторындағы әсерін оның жақындары жариялаған болуы мүмкін.

«Әңгімені тергеу изоляторында болу түрмеде отырудан әлдеқайда жаман екенінен бастайық. Сондықтан тергеу изоляторындағы бір ай заң бойынша бір жарым ай түрмеде отырумен теңестіріледі. ҰҚК-нің тергеу изоляторында камерада бірге отырған адамнан басқа ешкіммен сөйлесе алмайсыз. Екеуіңіз ені екі метр, ұзындығы бес метр камераны бөлісесіз. Сыртқа қараған 60-70 см терезе, күннің екінші жартысында камераны аздап жарықтандыру үшін қабырғадан сәл 60 сантиметр кейін  шегеленген қоршалған қорап тәрізді құрылым. Біз осы  уақытты пайдаланып  киім-кешегімізді жуып аламыз», – дейді ол.

Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, ҰҚК-нің тергеу изоляторындағы дәретхана 12/18 дәретханаға қарағанда ашық. Дегенмен дәретханаға тартылған жұқа перде арқылы дәрет алып жатқан камераласыңызды көріп отыруға болады. Дәрет иісі бүкіл камераға тарайды. Ал душқа түсу мүмкіндігі  аптасына бір рет берілетіндіктен, дәретханада жуынуға тура келеді. Оның сөзінше, онда төсек-орынмен де қиындық бар.

«Егер жанашыр қызметкерлер жұқа тақтайша бермесе,  берілген матраста ұйықтап жатып-ақ, омыртқаңызды  қисайтып алуыңыз мүмкін. Өйткені бұл жердегі кереует – бір-біріне темір құбырлар мен тақтайшалар бойымен және көлденеңінен жалғанған металл жақтау ғана. Оның үстінде кішкене болса да тақтайша қойып жатпасаңыз, ұйықтау – нағыз азап», – деп жазады блогер.

Сонымен қатар депутат тергеу изоляторындағы серендеуге берілетін мүмкіндік туралы да жазды. Оның айтуынша, ондағы аумақ шағын болғанымен, онда турник пен орындық бар. Тергеу изоляторында тек «күдіктілер» ғана төзе алатын адамшылыққа жатпайтын жағдай бар, дейді ол. Оның пікірінше, қылмыс жасамаған адам осындай жағдайлардан кейін, барлық қылмысты өз мойнына алуға дайын болады. Сондай-ақ Қайрат Құдайберген ТИЗО қызметкерлерінің адекватты екенін және ондағы жағдай олардың кінәсі емес, «Ессіз жүйенің» кінәсі екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысты, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Похожие материалы