Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla көліктерінің рекордтық санын жөнелтті

Tesla көліктерінің рекордтық санын жөнелтті

Өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 68%-ға көп электрокөлік жөнелтілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Tesla осы жылдың бірінші тоқсанында 310 048 көлік жөнелтілгенін хабарлады. Илон Маск осы уақытты «жеткізілім тізбегінің үзілуіне және Қытайдың нөлдік Covid саясатына байланысты ерекше қиын тоқсан» деп атады. Бірақ бұл компанияның автокөлік жөнелтілімдерінің арттыруына еш кедергі болмады. Жылдық мәнде Tesla көліктерін жөнелту 68%-ға өсті. Өткен жылдың бірінші тоқсанында Tesla 184 800 көлік жөнелткен болатын.

2022 жылы жөнелтілген 310 048 көліктің 295 324-і Model 3  және Model Y, қалған 14 724-і Model S және Model X. Өндіріс тұрғысынан алғанда, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Tesla құрастыру желілерінен барлығы 305 407 көлік шығарылды.

Похожие материалы