Экономика
Авто
Tesla-ның акциялары қымбаттап, 17%-дан асты
2 қазан. Алматы. 7kun.kz - «Tesla» компаниясының акциялары Илон Маск АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиямен (SEC) келісім жасасқаннан кейін күрт өсті.
Осылайша, 1 қазанда болған сауда-саттық қорытындысы бойынша эмитент бағамдары 17,35% -ға өсіп, $310,70 құрады. Бұған дейін 28 қыркүйекте компанияның акциялары 13,9% -ға төмендеген еді. Ал 1 қазан күні компания қағаздары жоғалған позицияларын қалпына келтіріп алды.
Сонымен қатар Илон Маск қадағалаушы органмен өзіне қарсы айыптауларға байланысты сотқа дейінгі реттеу туралы мәміле жасасты. Мәміле бойынша ол 20 млн АҚШ долларын айыппұл ретінде төлеуге міндеттеледі.
АҚШ биржасындағы басқа акциялар күнді әртүрлі нәтижемен аяқтады. Көбісінің акциясы өсті. Атап айтқанда: Netflix (+1,95%), Microsoft (+1,08%), Apple (+0,67%), және Amazon (+0,07%).
Бағалы қағаздары 1,23%-ға арзандап, 162,44 долларға бағаланған Facebook күнді сәтсіз аяқтады.