Экономика
Познавательный
Tesla әр минут сайын 8000 доллардан жоғалтып жатыр
Алматы. 24 қараша. 7kun.kz - Соңғы жыл көлемінде Tesla минутына 8 мың доллар, ал әр сағат сайын 480 мың доллардан жоғалтып жатыр деп хабарлайды Bloomberg.
Осы үдеріс жалғаса берсе компания 2018 жылдың 6 тамызына дейін бүкіл ақшасын тауысып бітеді. Model 3 сатылымға шыққан кезде жағдай өзгеруі мүмкін. Осыған қарамастан компанияның акциялары 3 пайызға өсті.
Tesla-ның басшысы Илон
Маск компанияның қаржысын ретке келтіру үшін Model 3-ті сатып алғысы келетіндерден ақшаны алдын-ала төлеуін сұрауға итермелеп отыр. Бірақ Model 3 жеткізілімдері екі жылдан кейін басталады.
Bloomberg сарапшысы Кевин Тайнонның айтуынша, 2018 жылдың ортасына қарай компанияға 2 млрд доллар керек болады.
"Олар тағы ақшасыз 10 ай ма әлде бір жыл шыдай ма бұл маңызды емес. Маңыздысы Маск тезірек ақша табу керек",-дейді Кевин Тайнон.
Ал Tesla-ның баспасөз хатшысы Дэйв Арнольд компанияда Model 3-ден 5 мың данасын шығаруға ақшасы жеткілікті екенін айтты.