Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

The Economist: 2018 жылы бірқатар мемлекет басшылары қызметтен кетуі мүмкін

The Economist: 2018 жылы бірқатар мемлекет басшылары қызметтен кетуі мүмкін

Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – The Economist 2018 жылы лауазымнан ресми түрде кетіп, бірақ кеткенімен, өз ықпалын сахнадан тыс жүргізіп отыратын билеушілер тізімін ұсынды. Олар: Кубадағы Рауль Кастро, Қазақстандағы Нұрсұлтан Назарбаев, Гонконгтағы ең бай адам Ли Кашин, сондай-ақ, Сауд Арабиясындағы Салман бен Абдул Азиз әл-Сауд (өз орнын ұлы Мұхаммедке қалдырған).

Сонымен қатар, басылым өз орнын босауы тиіс, алайда олай жасамайтын көшбасшылар қатарына Венесуэладағы Николас Мадуро, Малайзиядағы Наджиб Разак және Лондон Арсеналынан Арсен Венгерді жатқызды.

The Economist, сондай-ақ, ұзақ уақыттық демалысқа Жапон елінің императоры Акихитодан гөрі Ұлыбритания патшайымы Елизавета II лайықты деп санайды.

«Ол 66 жыл бойы халқына қолын сермеп, билік етіп келеді. Сондықтан тақты ұлы Чарльзге беру уақыты таяды. Оның айтуынша, мәңгілікке, ешбір биліксіз тек лауазымдарды ғана беруге болады», - делінген материалда.

 

Похожие материалы