Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

The Economist АҚШ әскерінің 5 осал тұсын атады

The Economist АҚШ әскерінің 5 осал тұсын атады

The Economist АҚШ-тың әскери күштерінде Ресей немесе Қытаймен салыстырғанда технологиялық жабдықтандырудағы әлсіздену белгілерін тапты деп жазады РБК. Басылым американдық армияның 5 осал тұсын анықтады.

"Бүгінде Америка бұрынғысынша қабілетті әскерилерге ие, бірақ кез-келген қарсыласты жеңуге кепілдік беретін технологиялық артықшылықтары тез әлсізденіп жатыр", - деп есептейді журнал. The Economist пікірінше, АҚШ технологиясы тек жетіліп қана қойған жоқ, енді басқа мемлекеттер үшін де қол жетімді. Басылымның түсіндіруінше, мемлекет жаңа технологиялармен жұмыс істеуді тоқтатып, бронотехника мен ұшқышсыз басқарылатын  құрылғылардың өндірісіне көңіл бөліп отыр. Бұл уақытта Қытай зымыранды қару, су асты кемелері, әуе қорғаныс күштері жүйесі мен басқа да қаруларды құрастырумен айналысты. Өз кезегінде, Ресей де қарулы күштерін жаңаландырып жатыр. Басылым қазіргі уақытта АҚШ әскерінің осал тұстары бар екендігін атап өтеді. Біріншіден, әскери-теңіз флотының кемелері қарсыластарының құрлықтан жіберген зымырандары үшін қолжетімді болып қалды. Екіншіден, американдық аймақтық әуебазалары күтпеген шабуылдан әлсіз қорғанған. Үшінші мәселе АҚШ авиациясына мобильді зымырандық құрылғыларды анықтау қиындай бастауында болып отыр. Сондай-ақ, жаңа заманғы әуе қорғаныс күштері ұшақтарды алыс қашықтықтардан құлата алады. Американдық бақылау спутниктері де шабуылдан қорғанбаған. Журналдың қорытындылауынша, АҚШ-қа жаңа технологиялар өндірісін қолға алу қажет. Дегенмен де, Конгресс Пентагонға қажетті қаржы бөліп, жаңа өнімдер әскерге енгізілуі де АҚШ-қа басқа елдерге қарағанда әскери артықшылығы болатындығына кепілдік бермейді. Бұл технологиялардың жылдам таралуына байланысты. Мамырдың ортасында америкалық Әскери қорғаныс күштері жердегі қақтығыс ғарыштық деңгейге жалғасып кеткендей жағдай үшін спутниктерді қорғау және шабуылдау жүйесін құрастыру үшін 5 млрд доллар сұрады. Пентагонның пікірінше, АҚШ-тың негізгі екі ғарыштық бәсекелесі Ресей мен Қытай болып табылады. Қаңтардың соңында АҚШ-тың қорғаныс министрінің орынбасары Роберт Уорк НАТО елдеріне Ресей және Қытаймен бәсекелесу үшін инновациялық қару-жарақтар шығаруға көңіл бөлуге кеңес берді. Оның сөзінше, Пентагон "Инновациялық қорғаныс бастамасы" деп аталатын бағдарлама құрастырып қойды. Маусымның басында Associated Press АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігінің Ресейдің ядролық потенциалы үшін  Еуропа мен Азияда құрлықтағы зымыран базасын орналастыруды қарастырып жатқандығын хабарлады. Кремль бұл ақпаратты талдаудан өткізуге уәде берді. Ал жақында ғана The New York Times басылымы АҚШ-тың Шығыс Еуропа елдерінің аумағына ауыр қару-жарақтарды орналастыру жоспары бар екендігін хабарлады. Польша мен Балтық елдері бұл келіссөздерді растады.

Похожие материалы