Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

The Village-дің қазақстандық нұсқасы пайда болады

The Village-дің қазақстандық нұсқасы пайда болады

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz - Ресейлік The Village онлайн-басылымының Қазақстандық нұсқасы пайда болады. Бұл туралы Look At Media медиахолдингінің негізін қалаушыларының бірі Алексей Амётов хабарлады.

Редакция мәскеудегі шығарылымнан тәуелсіз жұмыс істейді. Бірақ шарт бойынша, франшиза Look At Media Publishing серіктестігінің ережелері мен фирмалық стилін сақтауға міндетті.

«Журналдың форматы, тақырыбы, дизайны еш өзгеріссіз қалады. Сараптамалармен, арнайы жобалармен және нативті жарнамалармен де бөлісіп отырамыз», - деп атап өтті Алексей Амётов.

Медиахолдинг франшиза айналымынан тиісті үлесін пайыз есебінде алады.

Сонымен қатар, ол The Village-дің Украина мен Беларусьте де ашылатынын айтты. Ол жақтағы франшизалар шығарылымын көктемде бастайды.

Қазақстандық нұсқасы қашан іске қосылатыны және франшизаны сатып алған кімдер екені белгісіз.

 

Похожие материалы